405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ESPN 9 турнирі: Гилберт Бернс Тайрон Вудлиді жеңді

  • 234
ESPN 9 турнирі: Гилберт Бернс Тайрон Вудлиді жеңді Prosports.kz

Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) UFC промоушынының ESPN 9 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Тайрон Вудли мен бразилиялық Гилберт Бернс жұдырықтасты.

Бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Тайрон Вудли өз мықтылығын дәлелдей алмады. Бразилиялық файтер одан әлдеқайда ширақ қимылдап, басымдылық танытты. 

Нәтижесінде Бернс экс-чемпионды еш қиындықсыз жеңді. Төрешілердің бағасы - 50:45, 50:44, 50:44.

Хабар 24 телеарнасы