427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардың «Ertis» футбол клубы қарызға белшеден батты

  • 352
  • UPD: 15:11, 03.06.2020
Павлодардың «Ertis» футбол клубы қарызға белшеден батты

Аудиторлық тексеріс былтыр 950 миллион теңгенің салығы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал биылғы қарызы 200 миллион теңгеге жеткен. Бұған қоса клуб легионерлер мен бұрынғы жаттықтырушыларға 500-700 миллион теңге берешегі бар. Осылайша «Ertis» футбол клубының жалпы қарызы 1,8 миллиард теңге болған. Команданың қаржылық қиындыққа тап болғанын облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Марат Айдашев мәлімдеді. Енді футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының біріншілігіне қатыса алмайды. Еске салайық, клубтың қаржылық дағдарысы команданың бас демеушісі «ERG» компаниясы қаржылық қолдауды тоқтатқаннан кейін басталды. Ал биыл облыстық бюджеттен клубты сақтап қалуға 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген болатын.

Марат Айдашев, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:

– Демеушілік қаржыны қайта қарау нәтижесі бойынша бізге 200 миллион теңге ғана бөлінді. Бұл 200 миллион теңгені біз қаңтар айының жалақысын жартылай жабуға жұмсадық. Бізде одан басқа да қаржылық міндеттемелер бар. Оларды жабуға мүмкіндік болмады. Осыған орай жүргізілген қаржылық тексеру 2016-2019 жылдар аралығында облыс бюджетіне салықтың төленбегенін анықтады.

Хабар 24 телеарнасы