Спортттық құзға өрмелеуден әлем кубогі кезеңі 21 тамыз күні Бриансонда (Франция) басталады деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы маусымдағы кубоктік кезең 3 сәуір күні Швейцарияда басталуы тиіс еді. Алайда коронавирус індетіне байланысты кейінге шегірілді. Алты кезеңнен тұратын әлем кубогі кезеңдерін халықаралық федерация 21-22 тамызда Францияда бастайтын болып шешті.
11-12 қыркүйек күндері Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) әлем кубогінің екінші кезеңі ұйымдастырылмақ. Ал соңғы кезең 4-6 желтоқсан күндері Қытайда өтеді.