428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ISU Гран-при турнирінің өткізілу форматына өзгеріс енгізді

  • 128
  • UPD: 10:29, 06.08.2020
ISU Гран-при турнирінің өткізілу форматына өзгеріс енгізді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) жаңа маусымдағы Гран-при турнирлерінің өткізілу форматына айтарлықтай өзгеріс енгізді.

Коронавирусқа байланысты серия ұлттық жарыс форматында өтеді, деп хабарлады olympic.kz.

Жарысқа сол мемлекетте тұратын және жаттығатын спортшылар қатысады. Сондай-ақ жақын мемлекеттерде тұратын атлеттердің қатысу мүмкіндігі бар. 

Әр спортшы Гран-при кезеңінің тек бір сериясына қатыса алады. Ал жалпы есептегі ұпай бұл жолы есептелмейді.

Финал 10-13 желтоқсан аралығында Бейжіңде өтеді деп жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы