426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: «Астана» кіммен ойнайды?

  • 233
  • UPD: 16:06, 09.08.2020
Футбол: «Астана» кіммен ойнайды?

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу турының жеребесі тартылып, қарсыластар анықталады, хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан атынан қатысатын «Астана» командасының кіммен ойнайтыны белгілі болады. Біздің елдің чемпионына қарсылас таңдауда біршама жеңілдік тудырып отыр. Мысалы, Михал Билек шәкірттеріне Брестің «Динамосы» тап болуы мүмкін. Немесе Латвияның «Ригасымен» кездеседі. Албанияның «Тиранасы» мен Македонияның «Силексі» де себетте тұр. «Астана» біз атаған төртеудің бірімен күш сынасады. Былтыр да іріктеу сынына қатысқан елордалық футболшылар Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алған еді.

Хабар 24 телеарнасы