423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық велоспортшылар жаттығу жиындарын өткізді

  • 165
  • UPD: 11:22, 14.08.2020

Велоспорт бойынша биылғы әлем чемпионаты Швейцарияда өтпейді. Қалыптасқан жағдайға байланысты ұйымдастыру комитеті осындай шешім қабылдады.

Байрақты бәсеке тура бір айдан кейін Эйгл-Мартини аумағында болуы керек еді. Жергілікті үкімет коронавирус өршуіне байланысты 1000 адамға дейн қатысатын додаларды өткізуге тыйым салды. Ал әлем біріншілігіне 90 елден 1200 велошабандоз қатысуы  керек.

Халықаралық велосипедшілер одағы болса жарысты қабылдайдын басқа қаланы іздестіріп жатыр. Жарыстың нақты қайда өтетінін жақын арада хабарлайды. Белгілісі жарысты өткізу құқығы Еуропа елдерінің біріне беріледі.

Айта кетейік, дүниежүзілік додаға қазақстандық спортшылар да қатысады. Тіпті бірер ай бұрын оған арнайы оқу-жаттығу жиындарын да өткізді.

Хабар 24 телеарнасы