421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшы WBC рейтингінің Топ-15 тізіміне енді

  • 181
  • UPD: 10:37, 19.08.2020
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінің Топ-15 тізіміне енді

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) барлық салмақ бойынша жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшы Топ-15 тізіміне енді, деп хабарлады Vesti.kz.

Екінші орта салмақта WBO Global, WBC Asia және WBA белбеулеріне ие Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) 24-ші орыннан бірден 15-ке көтерілген. 

Боксшы кейінгі жекпе-жегін 26 шілде Минскте өткізіп, Нуху Лавальді (27-7, 15 КО) жеңген болатын. Жекпе-жек кезінде Айдос қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген еді. 

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық боксшы, WBC International Silver белбеуінің иегері Әли Ахмедов 14-орыннан 13-орынға көтерілген.

Хабар 24 телеарнасы