429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақырту алды

  • 222
  • UPD: 12:48, 26.08.2020
Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақырту алды ҚФФ

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарының аясында Қазақстан жастар құрамасы 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды.

Ал 8 қыркүйек күні сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда басталады.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай («Тобыл»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Лев Скворцов («Атырау»), Дінмұхамед Қашкен («Қайсар»), Жалғас Жақсылықов («Оңтүстік» академиясы), Айбар Нұрдалиев («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Жан-Әли Пайруз, Геворг Наджарян (екеуі де – «Шахтёр»), Сұлтан Сағнаев, Мәди Жақыпбаев (екеуі де – «Астана»), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Қайрат»), Арман Кеңесов («СКА-Хабаровск», Ресей), Жасұлан Қайыркенов («Атырау»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Артём Попов («Ақсу»);

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Жетісу»), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Владислав Прокопенко («Ақтөбе»);

Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – бапкер, Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Нұрлан Битүгілов – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер.

Хабар 24 телеарнасы