421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суарес «Ювентуспен» үш жылдық келісімшартқа отыруға келісті

  • 148
  • UPD: 08:54, 06.09.2020
Суарес «Ювентуспен» үш жылдық келісімшартқа отыруға келісті prosports.kz

«Ювентус» «Барселонаның» шабуылшысы Луис Суареспен келісімшарт жасасуға келісті.

Уругвайлық шабуылшы туриндік команда ұсынған үш жылдық келісімшартқа қол қоюға келісті. Уругвайлық шабуылшы жылына 10 миллион еуро жалақы алады. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады. 

Келісімшарт бойынша «Барселона» футболшымен қоштасса, оған 14 миллион еуро төлеуі керек. Содан соң 33 жастағы форвард еркін агент атанып, өзіне жаңа клуб іздейді. Бұған дейін уругвайлық шабуылшыға «ПСЖ», «Ювентус», «Атлетико» және «Аякс» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған.

Өткен маусымда Луис Суарес Ла Лигада 28 матч өткізіп, 26 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанған.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы