427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайсар» футбол клубы сатылады

  • 103
  • UPD: 17:45, 07.10.2020
«Қайсар» футбол клубы сатылады

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік реестр сайтына кәсіпқой спорт клубы жарғылық капиталының 51% үлесі орналастырылған. Мемлекеттік мүлік туралы заңының талабына сәйкес ашық және жариялы түрде аукцион жарияланды. Тәуелсіз бағалаушылар есебі бойынша клубтың базасы мен транспорттық құралдары 104 миллион теңгеге бағаланып отыр. Енді кез келген заңды және жеке тұлға 50 жылдық тарихы бар аяқдопшылар ұжымын басқаруға өтінім білдіре алады. Жанкүйерлер арасында «Түз тағылары» аталып кеткен сырбойылық команда өткен жылы ел кубогін иеленіп, Еуроойындарға жолдама алған болатын. Бірақ кәрі құрлықтағы спорттық жорығы сәтсіз аяқталып, алғашқы кездесуден кейін жарыс жолынан шығып қалды. Қазір «дала қасқырлары» ел чемпионатында 16 ұпаймен 6-орында келе жатыр.

Жалғас Садықбаев, «Қайсар» ФК заңгері:

– Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша футбол клубтарын қаржыландыру қысқартылуда. Бұған дейін «Қайсар» футбол клубы сатылымға шығарылған жоқ. Қазіргі таңда 1-кезеңі өтті. Қазір қаржы басқармасымен аукционның 2-кезеңін өткізудің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аукционның тәсілі сенімгерлік басқару арқылы сатып алу құқығымен алып, әрі қарай жұмыс жасауға болады делінген.

Хабар 24 телеарнасы