428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Макгрегор Порьемен қарымта жекпе-жек өткізеді

  • 96
Макгрегор Порьемен қарымта жекпе-жек өткізеді

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

- Сәлем, Дастин. UFC-дің сенімен жекпе-жек өткізу туралы ұсынысын қабыл алдым. Және ол 2020 жылы өтуі қажет деп санаймын. Жарақатыма қарамастан 21 қараша күні рингке шығуға дайынмын. Бұған қоса Good Fight Foundation қорына қайырымдылық үшін 500 мың доллар аударамын, – деп жазды Конор Макгрегор өзінің Instagram-парақшасында.

Бұған дейін файтер 12 желтоқсан күні жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді. Бірақ оны UFC ұйымдастыратыны айтылмады.

Еске салайық, МакГрегор мен Порье UFC 178 турнирінде кездескен. Ол кезде ирландиялық Америка спортшысын бірінші раундта-ақ сұлатып салды.

Қазақстан жастар құрамасы жеңіліс тапты

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македониядан жеңіліп қалды. Есеп: 1:4. Матч Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтті. Ойын қызбай жатып, біздің аяқдопшылар қақпаға екі гол өткізіп алды. Беті қатты македониялықтар 48-минутта үшінші голды кіргізді. Шабуылшы Оралхан Өміртаев бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ 67-минутта қонақтар төртінші голды соғып, қара үзіп кетті. Қазақстан құрамасы матчты 9 ойыншымен аяқтағанын айта кетейік. Өміртаев төрешіге қарсылық білдіргендіктен екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал Рауан Орынбасар дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алды. Осы жеңістен кейін Солтүстік Македония құрамасы 13 ұпаймен турнир кестеде екінші орынға шықты. Қазақстан құрамасы үшінші сатыға сырғыды. Алдағы аптада Алмас Кұлшынбаевтың шәкірттері турнир көшбасысы Испаниямен кездесуі тиіс.

Джиро Д'Италия: «Астана» капитаны үздік ондықта

«Астана» капитаны Якоб Фульсанг Джиро д'Италия турнирінде 7-орынды сақтап қала алды. Алтыншы кезеңде шабандоздар 188 шақырымды бағындырды. Қазақстандық велокоманданың енді бір өкілі Фабио Феллине мәреге үшінші болып келді. Ал бірінші орынды франциялық Арно Демар ешкіммен бөлісер емес. Жалпы есепте турнир кестесінде Жоау Алмейда көш бастап тұр. Фульсанг португалиялық спортшыдан 1 минут 19 секунда артта келеді.

Хабар 24 телеарнасы