430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UFC Fight Island 6: Oртега «Корей зомбиін» жеңді

  • 117
UFC Fight Island 6: Oртега «Корей зомбиін» жеңді Prosports.kz

Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC Fight Island 6 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы америкалық Брайан Ортега мен «Корей зомбиі» лақап атымен танымал оңтүстіккореялық Чон Чхан Сон кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек жоспарланған бес раундтың барлығына жалғасты. Ортега бес раунд бойы басымдық танытты. 126 дәл соққы бағыттады. Қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді.

Осы жекпе-жектен кейін Брайан Ортеганың рекорды: 15 жеңіс, 1 жеңіліс. Чон Чхан Сонның еншісінде қазір 16 жеңіс пен 6 жеңіліс бар. 

Хабар 24 телеарнасы