424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джон Джонс: Хабибті үздіктер қатарына қосу дұрыс емес

  • 172
Джон Джонс: Хабибті үздіктер қатарына қосу дұрыс емес Prosports.kz

Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Джон Джонс Хабиб Нурмагомедовті промоушн тарихындағы ең үздік жекпе-жек шебері деп ойлайтындардің пікірімен келіспейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен он бес титулды жекпе-жекте жеңіске жеттім, ал ол төрт рет қана жеңісін тойлады. Мұның ауқымды түрде талқыланып жатқаны мені таң қалдырады. Мен Хабибті қатты құрметтеймін, мен оның адами болмысын құрметтеймін, бірақ тек осылайша үздіктер мәртебесіне ие болу мүмкін емес. Өкінішке қарай, жұрттың бәрі сені қанша жақсы көрсе де, титулдық төрт қана жекпе-жексіз мұндай артықшылыққа ие бола алмайсыз», - дейді Джонс.

Хабар 24 телеарнасы