423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық шаңғышы коронавирус жұқтырды

  • 93
Қазақстандық шаңғышы коронавирус жұқтырды Prosports.kz

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченконың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы шаңғы федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеген. 

«Щучинскідегі оқу-жаттығу жиынының алында команда ПТР сынағынан өтті. Анна Шевченконың тесті оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық. Ауру симптомсыз. 6 қарашада команда екінші сынақтан өтті. Егер нәтижелер де теріс болса, команда толыққанды дайындықты бастайды. Қазір олар қысқартылған форматта дайындалып жатыр. Аннаға келетін болсақ, ол ДДҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған хаттамаға сәйкес емделіп жатыр», - деді.

Қазіргі уақытта шаңғышы Щучинск ауруханаларының біріне жатқызылды. Ол дәрігерлердің бақылауында 14 күн болады. Содан кейін тағы бір сынақтан өтеді.

Хабар 24 телеарнасы