423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан чемпионатына қатысады

  • 281
  • UPD: 10:13, 27.11.2020
Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан чемпионатына қатысады

23 қараша күні Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды.

Біріншілікке еліміздің 14 өңірінен 16 команда қатысуда, деп жазды Olympic.kz. 

«Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында турнир көрерменсіз өтуде. 23-27 қараша аралығында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. 27-29 қарашада ерлер сынға түседі. Қатысушылардың барлығы коронавирусқа арнайы тест тапсырып, бәрі теріс нәтиже көрсеткен. Бұл чемпионат қазақстандық спортшылар үшін 2020 жылғы соңғы жарыс болмақ. Елдегі және әлемдегі ахуалға байланысты бұдан былай турнирлер өткізілмейді», - дейді су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Сергей Дроздов.

Бүгін Қазақстан командасының үздігі, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жарысты бастайды. Сондай-ақ Азия ойындарының жүлдегерлері Әділбек Мусин, Александр Варакин мен Әділ Қасқабай да қатарда. 

Хабар 24 телеарнасы