424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторын атады

  • 234
  • UPD: 22:46, 06.12.2020
Ғалымдар COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторын атады фото: iz.ru

COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторы – адамның қоршаған ортаға шығаратын вирусының мөлшері болып табылады.

Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды.

«Қазіргі кезде қоғам үшін ең қауіпті адамдар – бұл вирустың ағзаларында белсенді түрде көбеюіне, сондай-ақ індеттен сауығып шыққанына қарамастан бетперде тақпайтын адамдар», - дейді ресейлік ғалымдар, медицина ғылымдарының докторлары Николай Дурманов пен Александр Карабиненко.

Ғалымдардың пікірінше, коронавирус жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Негізгі қорғаныс – барлық адамдармен байланыста болған кезде сақтық шараларын сақтау: бетперде, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Хабар 24 телеарнасы