430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасы Францияға қарсы ойнайды

  • 267
  • UPD: 12:04, 09.12.2020

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегіне дайындалуда

Ол украиналық Сергей Радченкомен жұдырықтасады. Жекпе-жек 18 желтоқсанда Алматыда өтпек. Айта кетейік, Қоңқабаев – Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшының бірі.

 

Е.Рыбакина мен С.Халеп матчы үздік деп танылды

Елена Рыбакина мен Симона Халеп кездесуі 2020 жылдың үздік матчы деп танылды. Әйелдер теннисі қауымдастығы осындай баға берді. Айта кетейік, Дубай турнирінің финалында  қазақтандық теннисші әлемнің 2-ракеткасы Симона Халептен жеңіліп қалды. Матч  22 ақпанда өткен еді. Елена  румыниялық спортшыны бірінші сетте 6:3 есебімен тізе бүктірді. Екінші сетте Симона дәл сондай есеппен есе қайырды. Шешуші партия тай-брейкке дейін жалғасып, матч  7:6 есебімен Халептің пайдасына шешілді. Десе де, 2 сағат 27 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина әлемнің ең таңдаулы теннисшілерінің бірімен терезесі тең өнер көрсетті.

 

Қазақстан құрамасы Францияға қарсы ойнайды

УЕФА-ның  ресми сайты футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің кестесін жариялады. Оған сәйкес Қазақстан ұлттық құрамасы D тобында алғашқы матчын 2018 жылғы әлем чемпионы Франциямен өткізеді.Әр топта жеңімпаз атанған команда 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына бірден жолдама алады. Екінші орынға ие болған құрамалар қосымша матчтарда бақ сынайды. D тобында басты фаворит әлем чемпионы дәл осы Франция екенін айта кетейік.

 

Қазақстан футзалдан  Еуропа чемпионатының  іріктеу кезеңіне қатысады

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысады. Бір ерекшелегі: командалар топтық кезең ойындардын сырт және өз алаңында өткізеді, яғни 2 матчтан ойнайды. Қазақстандық аяқдопшылардың  алғашқы қарсыласы – Венгрия. Қалған кездесулер келер жылға жоспарланған. Әр топтың жеңімпаздары  мен екінші орын иегерлері Европа чемпионатына жолдама алады.

Хабар 24 телеарнасы