427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиода өтетін Олимпиада ойындарына 15 миллиард доллар бөлінеді

  • 213
  • UPD: 11:07, 23.12.2020
Токиода өтетін Олимпиада ойындарына 15 миллиард доллар бөлінеді

Тағы 900 миллион доллар коронавирустың таралуын болдырмауға берілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сомаға спортшыларды, ұйымдастыру комитетінің қызметкерлерін ПТР-тестілеуден өткізу мен аурухана салу көзделген. Сонымен қатар жалдау шарттарын ұзарту мен Олимпиада ауылындағы үй иелеріне өтемақы төлеу жағы қарастырылған.

Тоширо Муто, «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің бас директоры:

- Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін әлі де үлкен проблема болып отыр. Сондықтан дәрігер-медбикелермен бірге жұмыс істей отырып, ең мықты жүйе құру жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы