427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марадонаның өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

  • 175
  • UPD: 13:55, 24.12.2020
Марадонаның өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды

Әйгілі футболшы Диего Марадонаның өліміне байланысты жаңа деректер жарияланды.

Белгілі болғандай, спортшы депрессия мен өзге де ауруларға қарсы 7 түрлі дәрі қабылдаған екен. Алайда жүргізілген медициналық зерттеулерден кейін олардың құрамында есірткі мен өзге де заңсыз препараттардың болмағаны анықталды. Дәрігерлер соңғы кездері марқұмның өкпесі, жүрегі мен бүйрегі ауырғанын айтады. Миына да операция жасалған екен.

Еске салайық, Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Футболшы Буэнос-Айрестің маңында ата-анасының қасында жерленген болатын. Ал өткен аптада жергілікті сот Марадонаның денесі эксгумациялануы мүмкін екенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы