423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әкімдерді сайлау жаңаруға жол ашады – Саясаттанушы

  • 147
  • UPD: 16:06, 02.09.2021

Ресейлік сарапшылар Қазақстан Президентінің Жолдауында басқару, экономика және қауіпсіздік салаларының алдында тұрған сын-қатерлер туралы салмақты және нақты түсінік берілген деп есептейді.

Ауыл әкімдерін сайлау ашық мемлекеттік басқару жүйесі мен «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын жетілдіре түседі дейді ресейлік саясаттанушы Кирилл Петров. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап өткендей, Қазақстандағы аудан әкімдерін сайлау 2024 жылы пилоттық режимде бастау алады.

Кирилл Петров, саясаттанушы:

- Әкімдер жоғары жаққа есеп берумен қатар азаматтардың әкімшілік жұмысы туралы пікірін де біліп отырса, қабылданатын шешімдер жұрт көңілінен шығатындай болары сөзсіз. Бұл мәселе осы жолғы Жолдауда қамтылды. Яғни Президент мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі үшін жоғарғы жақтың қысымы жеткіліксіз деп есептейді. Халыққа есеп беру Қазақстанға басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы