425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда төрт жыл ішінде 200 мектептен салынатын болады – ҚР БҒМ

  • 134
  • UPD: 14:53, 02.09.2021
Қазақстанда төрт жыл ішінде 200 мектептен салынатын болады – ҚР БҒМ primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласындағы тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Өз сөзінде министр жыл сайын 200 жаңа мектептен салынатындығын хабарлады.

«Биылғы жылдың өзінде 200 жаңа мектепті іске қосамыз. Келесі 4 жыл ішінде жыл сайын 200 мектеп салынатын болады. жаңа мектептерді салу 4  негізгі механизм арқылы іске асырылады:

мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі;

мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс;

жеке мектептер желісін дамыту;

модульдік мектептер салу.

Жергілікті атқаруы органдар осы 1000 мектепті  салу үшін қажетті жер учаскелерін алдын ала бөліп, оның интерактивті картасын әзірлеуі қажет. Оған қоса 1500, 2000, 2500, 3000 оқушыға арналған мектептердің заманауи типтік жобаларын дайындап, мектеп құрылысының мониторингі бойынша электрондық порталды іске қосу керек», – деді министр.

Сондай-ақ ол жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру 2023 жылдан басталатындығын алға тартты. А.Аймағамбетовтің айтуынша, осы шара қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын да  шешуге мүмкіндік беретін болады.

Хабар 24 телеарнасы