405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық дәрігерлер Елбасы Жолдауына қатысты пікір білдірді

  • 791
  • UPD: 07:52, 03.02.2017

Ақмола облысының дәрігерлері Елбасы Жолдауының төртінші басымдығын қызу талқылап жатыр.

Бұл басымдық білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын қамтиды. Шілде айынан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған орай қазір өңірде түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Ақхалаттылардың айтуынша, жаңалықтың тиімді тұстары көп. Бастысы, ел тұрғындарының өз денсаулығына деген жауапкершілігі арта түспек. Сонымен қатар, ендігі жерде емделушілерден амбулаторлық карта талап етілмейді. Дәрі-дәрмек қолжетімді болып, ауруханалардағы медициналық қондырғыларды жаңартуға мүмкіндік арта түседі.     

Серік Аяғанов, облыстық аурухананың бас дәрігері:

- Елбасы Жолдауындағы төртінші басымдық әлеуметтік салаға арналған. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер жайында айтылады. Медициналық сақтандыру бұл шет елдерде, Батыс елдерінде бұрыннан бері бар, өте орынды жүйе. Сондықтан, жалпы бюджетке 900 млрд-тан артық ақша келіп түседі.

Хабар 24 телеарнасы