378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстанның қор биржасы теңгеге қатысты болжам жасады

  • 701
  • UPD: 10:43, 22.01.2019

Биыл Қазақстанның қор биржасы отандық инвесторлармен байланысты бекемдеп, инфрақұрылымды жетілдірмек.

Бұл туралы Алматыда жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды. Сарапшылар 2018 жылды корпоративтік сектор жылы деп атады. 12 айда сауда алаңында 20 жаңа эмитент пайда болды. Былтыр Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 128 триллион теңгеге жетті. Осылайша биржа тізіміндегі акциялар саны ең жоғары көрсеткішке жетті. Жыл қорытындысы бойынша, биржа индексі 7 пайызға өсті. Сонымен қатар нарық акцияларын қаржыландыру бір жылда 10 процентке төмендеп, 15,5 теңгені құрады. 

Алина Алдамберген, Қазақстанның қор биржасы басқарма төрағасы:

- Жеке сектор үшін облигациялар шығару көлемін арттыру керек. Яғни нарыққа шықпаған компаниялар үшін. Бұл негізгі қаржылық институттар арасындағы келісім сәтті жүзеге асқан жағдайда жүзеге асады. Биржа мен нарық реттеушілері бірлесе отырып, корпоративті сектордың рейтингін анықтау жұмысын жалғастыра береді.

Сарапшылар қаржы нарығының экспорттық табысқа тәуелді екенін айтып отыр. Екінші фактор, теңге мен доллардың айырбас бағамы АҚШ-тың федералды резервтік саясатына байланысты болмақ. Бұдан бөлек мамандардың пайымдауынша, түрлі санкциялар мен саудадағы күтпеген жағдайларды да ескеру керек.

Андрей Цалюк, Қазақстанның қор биржасы басқарма басшысының орынбасары:

- Сарапшылардың айтуынша, биыл теңгенің долларға шаққандағы бағамы 408-410 теңгеден аспайды. Олардың көпшілігі, экспорттық табыс көрсеткішіне сілтеме жасауда. Көктемнің басында доллар өз позициясын нақтылай түседі. Ал ары қарай санкцияға байланысты болмақ. Ірі сауда өкілдері арасында жағымды жағдайлар да бар. АҚШ пен Қытай өзара келісімге келіп жатыр. Демек әлемдік нарықта оң өзгерістер күтілуде. 

Телеканал Хабар 24