389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жаңа құрамдағы Үкімет алғашқы отырысын өткізді

  • 1434
  • UPD: 12:18, 26.02.2019
Жаңа құрамдағы Үкімет алғашқы отырысын өткізді

Бүгін жаңа құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлер кабинетінің мүшелері сеніп тапсырылған міндетті адал атқаруға ант берді. Солардың қатарында Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы мен Ұлттық экономика министрлері бар. Ал Асқар Мамин Үкімет нақты шаралармен халықтың әл-ауқатын арттыру және айқын нәтижелерге бағдар алу керектігін айтты. Жалпы министрлер кабинетіне бұл жолы зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Мемлекет басшысы елдегі жұмыс орындарының жеткіліксіздігі, өмір сүру сапасының төмендігі, мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асырылмауы және бөлінген қаржының дұрыс игерілмеуі сынды мәселелерді тез арада шешуді тапсырды. Нақты іс-шаралар жоспары алдағы күндері белгілі болуы тиіс.

Телеканал Хабар 24