375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қытайда білім алып жатқан қазақстандық студенттер саны 14 мыңнан асқан

  • 393
  • UPD: 10:34, 09.01.2019

Алыс-жақын шет мемлекетерде білім алып жатқан қазақстандық студенттер аз емес.

Соның бірі іргедегі көршіміз Қытайда қазақ студенттері көп. Ресми мәлімет бойынша Қытай аумағында 14 мыңнан астам отандасымыз білім алып жатыр. Олардың қаншасы білім грантын жеңіп алған? Шығыс көршіміздегі оқу талаптары қандай?

Қайрат Әбдірахманов, ҚР ҚХР елшілігінің білім және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі:

– Қытай Білім министрлігінің мәліметтеріне сәйкес бүгінгі таңда ҚХР аумағында 14 224 қазақстандық студент білім алып жатыр. Олардың 1300-і екі мемлекет арасындағы үкіметаралық келісімнің негізінде, 2500 мыңнан астамы өлкелік және провинциялық үкіметтер гранттарының есебінен, ал басым бөлігі өз қаражатттары есебінен білім алуда. Қытайдағы қазақстандық студенттер саны жағынан тоғызыншы орында тұр. Қазақстандық студенттердің алдында Үнді, Пәкістан, Таиланд, Вьетнам, Жапония, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттер бар. Жалпы қазақстандық студенттердің Қытайда білім алуға қызығушылығына келетін болсақ, студенттер Қытайда жаңа мамандықтар бойынша білім алғысы келеді. Мысалы, жасанды интеллект, нанотехнология, жоғарғы медицина саласы, осы мамандықтарға қызығушылық танытатын қазақстандық студенттер көбею үстінде.

Біздегі мәлімет бойынша студенттердің басым бөлігі негізінен өз қаражатымен немесе Қытай тарапы берген грантпен білім алып жатыр.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР ҚХР елшілігінің білім және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі:

– Жалпы Қытай үкіметі тарапынан шетелдік студенттер оқуын тәмамдаған соң ешқандай міндеттемелер алмайды. Олар өздері білімін шыңдағаннан кейін өз мемлекетіне немесе басқа да елге барып жұмыс істеуге құқылы. Жақсы білімді, сапалы мамандық иесі атанған шетелдік студенттерге Қытай Үкіметі тарапынан жұмысқа орналасуға жеңілдіктер қарастырылған. Жақсы мамандарға жаңағы жеңілдетілген жұмыс визасын қарастырып, оларға осы жерде медициналық, әлеуметтік жеңілдік қарастырылып отыр. Сол себепті шетелдік студенттердің Қытай аумағында беделді университеттерге оқуға түсі үрдісі қалыптасып отыр.

Телеканал Хабар 24