378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ақмола облысында апта бойы қатты аяз болады

  • 262
  • UPD: 23:39, 04.02.2019

Ақмола облысында бір аптаға жуық қатты аяз болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Қазгидрометтің» өңірлік филиалы мәлімдеді. Синоптиктердің айтуынша, күннің суытуы бүгін бұрқасынмен басталады. Аймақта секундына 23-28 метрге дейін жел тұрып, қар жауады. Бұдан соң 6-сы күні аяз қаһарына міне бастайды. Ауа температурасы түнде 38-40 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде тіпті 45 градусқа дейін суытады деген болжам бар. Сондықтан мамандар халықты аязды күндері аса сақ болуға шақырады.

Даниель Жұмажанов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім жетекшісі:

- Осыған байланысты «Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруі туралы дабылды ескерту жариялады. Аяз 6-8-і күндері күтілуде. 8-9-ынан бастап ақырын жыли бастайды.

Телеканал Хабар 24