378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Жүректің қан тамырына зиянды дәрі саудадан алып тасталды

  • 294
  • UPD: 23:49, 14.02.2019

Тыныс алу дертімен күресуге арналған фенспирид препараттары жергілікті дәріхана сөрелерінен алынды. Жөтелге қарсы «Эреспал» дәрісінің жүрек қан тамырларына кері әсер береді деген қаупі болуы мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитеті франциялық өндірушілердің таратқан хатынан хабардар болған. Сонымен қатар фенспирид сынды украиналық «Инспирон» және түркиялық «Тирфинс» өнімдерінің де тіркеу куәліктері кері қайтарылды. Осылайша мемлекеттік реестрден алынған атаулардың орнына дәрігерлер науқастарға қажет жеке нұсқауларын беретін болады.

Айта кетейік, аталған препараттарды қолдану салдарынан оқыс оқиға ел аумағында әзірше тіркелген жоқ. Қауіпсіздік шарасы франциялық зерттеушілердің жануарларға жүргізген тәжірибесіне негізделіп отыр.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ фармация комитеті төрағасының орынбасары:

- Біздің комитетімізге сараптау орталығы сервия компаниясынан хат түскен. Ол хатта Эреспал атты дәріде жағымсыз әсері бар екені туралы ақпарат болды. Ол ақпаратты мына француз реттеу органы өздері анықтап, малдарға зерттеу жүргізіп, сол кезде жүрекке әсер ететіні анықталған.

Телеканал Хабар 24