378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 325
  • UPD: 19:32, 10.03.2019
Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері бірнеше облыстарда ауа райының жылуынан еліміздің шығыс өңірлерінде өзендердегі су деңгейі көтерілетіндігі жайлы ескерту жасады.

11-12 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көк тайғақ және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Оралда бұл күндері тұман, көк тайғақ, оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метр болатындығын мәлімдеді. Оған қоса ведомство өкілдерінің айтуынша, 10-13 наурызда ауа-райы жылиды, Батыс Қазақстанда қар еріп және қар суының ағуы күтіледі. Мұздар еріп, өзендерде су деңгейі біршама көтерілуі мүмкін. 10-13 наурызда Шығыс Қазақстанда ауа-райы жылып, қар еріп және қар суының ағуы күтіледі. Мұздар еріп, өзендерде су деңгейі біршама көтерілуі мүмкін.

Телеканал Хабар 24