384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО-дағы көп балалы отбасылардың әр төртінші баласында дерт кездеседі

  • 559
  • UPD: 15:01, 24.03.2019
ШҚО-дағы көп балалы отбасылардың әр төртінші баласында дерт кездеседі

Шығыс Қазақстан облысындағы көп балалы отбасылардың әр төртінші баласында дерт кездеседі. Бұл дерек «Саламатты Ана мен Бала» республикалық  акциясы кезінде анықталды. 

Дәрігерлердің  айтуынша балалардың көбінің иммунитеті төмен. Соның әсерінен  тұмаудан көз ашпайды. Облыста бүгінде 26 146 көпбалалы ана бар. Соңғы бір айда 5 149 отбасы түрлі медицианлық тексеруден  өткен. Осы отбасылардан 13 662 баланың  денсаулығы толық қаралған. Сөйтіп 3 214 баланың түрлі науқасқа шалдыққаны анықталды.  Кешенді тексерулер нәтижесі бойынша денсаулығынан кінәрат табылған ана мен балаларға амбулаторлық немесе стационарлық ем тағайындалды. Медициналық мекемеге келе алмағандарды дәрігерлер бригадасы үйіне барып қарайды. Ата-аналардың сұрауы бойынша акцияның өту мерзімі тағы 1 айға созылды.

Гүлнар Келгенбаева, емхана меңгерушісі:

- Телефон арқылы жазылып келеді. Бір-бірінен естіп келеді, облыс бойынша жүріп жатыр ғой «саламатты ана мен бала» акциясы. Жазылмай да келсе, міндетті түрде бір күннің ішінде ана мен балаға көмектесуге тырысып жатырмыз.

Телеканал Хабар 24