Семей тұрғындары Астана қаласын Нұр-Cұлтан деп өзгерту бастамасын қолдайды. Олардың пайымынша, Елбасының Қазақ Елін соңғы 30 жылда әлемнің озық 50 мемлекетінің қатарына қосудағы еңбегі ұшан-теңіз.
Сан ғасырлар ата-бабалар арманы болған тәуелсіздікке қол жеткізіп қана қоймай, оны баянды ету елін сүйген адамның ғана қолынан келеді.
Амантай Доғалақов, қала тұрғыны:
- Мысалы, мына Вашингтон, Американың күні бүгінге дейін сол ғой. Енді ұрпаққа беретіні мынау 30 жылғы еңбек істеп кеткен, қаншама тарихи оқиғалар. Астана деген ол жай жалпы атау, Нұр-Сұлтан деп ат бергенін мен қолдаймын ғой.
Алмас Айтмұқаш, қала тұрғыны:
- Бұл Нұр-Сұлтан деп атау беріп отырғаны бұл жастардың оң көзқарасын тудырып отыр. Біз жастар мұны қолдаймыз! Неге десеңіздер, біздің мемлекетіміз осынау 28 жылдың ішінде өсіп-өркендеп, Елбасымыздың арқасында осындай күнге жетіп отырған жайымыз бар. Жалпы Нұр-Сұлтан атауы берілуі бұл бірден бір құп деп ойлаймын. Себебі сонау ата-бабаларымыздың асыл арманы Мәңгілік Елді құру болса, біздің Елбасымыз соны біздің ұрпаққа жеткізіп берді.