378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оралда автобус жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады

  • 148
  • UPD: 13:21, 27.03.2019
Оралда автобус жүргізушілер жол ережесін жиі бұзады

Оралда жыл басынан бері жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қатысуымен 1 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Оқиға болған жерде 1 адам қаза тапты. Былтыр өңірде автобус жүргізушілерінің жолда жүру ережелерін сақтамауы салдарынан 11 жол көлік оқиғасы болып, 7 адам ажал құшты. 15 адам әртүрлі дәрежеде дене жарақататтарын алды. Қайғылы жағдайлардың алдын-алу мақсатында жедел шаралар жиі өтіп тұрады. Дегенмен, жолаушы тасымалдайтын көліктердің арынын басу оңай болмай тұр. Мәселен, тек соңғы 2 айда 187 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жүргізушілерге тиісті шара қолдандық дейді полицейлер. 

Манарбек Нәжиев,  облыстық ПД жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Құқық бұзушылар көп, әр түрлі деуге болады, жүргізушілер ұялы телефонмен басқарады, арнайы өтетін техникалық байқаудан өтпеуі, қиылыстарда бағдаршамның тиым салынған белгілерінен өтіп кетеді. Енді рейдтік шаралар күнделікті мезгілде бұл жүргізушілердің үстінен жүргізіліп отыр. Облыста стационарлық мектептерде тексеріліп жүргізушілер, қала бойынша жол-патрулдық полиция қызметкрелері жолаушы тасымалдйтын жүргізушілер бұзушылық жасаған жағдайда тиісті шара қолданып отыр.

Телеканал Хабар 24