378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Биыл еліміздің Қарулы күштер сапына 35 мың жас қосылады

  • 157
  • UPD: 17:37, 28.03.2019

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл Қарулы күштер сапына 35 мың жас қосылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде айтылды.

18 бен 27 жас аралығындағы әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс. Бұл міндетті орындаудан жалтарғандары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл көлемі 1000 айлық есептік көрсеткіш. Айта кетейік, әскерге шақырушылардың басым көпшілігі Қорғаныс министрлігі мен Ішкі әскерге қарасты бөлімдерге жіберіледі.

Ардақ Кукатов, ҚР Қарулы ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы:

- Республика бойынша алатын болсақ әр облыстың әскери шақырушылардың саны әр түрлі. Мысалы, мына Түркістан облысы ол жақтың енді халқының саны кішкене жоғары болғанға байланысты шақырушы ресурстар да жоғары. Содан кейін Алматы облысы одан кейін Шығыс Қазақстан облысы Қарағанды облысы шақыру ресурстары аздау Солтүстік Қазақстан Батыс Қазақстан.

Телеканал Хабар 24