379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Санитарлық талапқа сай келмейтін 4 тонна тауар дүкен сөресінен алып тасталды

  • 116
  • UPD: 19:53, 09.04.2019

Жыл басынан бері 4 тонна тауар дүкен сөрелерінен алынып тасталды. Талапқа сай емес тауар сатқандарға 14 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Бас санитар дәрігердің айтуынша, 12,5 мыңнан астам тамақ өнімдерінен сынама алынып, зерттелді. Нәтижесінде 3,3 пайызы белгіленген талаптарға сай емес. Сонымен қатар азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобына 77 мыңнан астам зерттеу жүргізілген.  Оның 3,5 пайызы пайдаға жарамсыз. Әсіресе, шетелден әкелінген сүт өнімдерінің сапасы сын көтермейді. Сондай-ақ комитет қауіпсіз өнімдерді анықтаумен қатар құрамында гендік гормондар, антибиотиктер бар азық-түліктерді анықтау шараларын күшейткен.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Қазіргі таңда біз бақылау мақсатында ет консервілерінен, құс шаруашылығы өнімдеріні, сүт өнімінің 800 сынамасы зерттелді. Олардың ішінде 6 өнім сынамасында пенициллин, тетроциклин, левомецитин сияқты антибиотиктер анықталды. Бұл Ресей өндірушілерінің өнімдері.

Телеканал Хабар 24