379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО-да өнідірістегі жазатайым оқиға азаймай тұр

  • 82
  • UPD: 20:11, 15.04.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы өндірістерде жазатайым жағдайлар азаймай тұр.

Тек биылдың өзінде 39 дерек тіркелген. Өндіріс басында 44 адам зардап шегіп, 6 жұмысшы көз жұмған. Тағы 30 кісі мүгедек болып қалды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы мамандарының айтуынша, оқыс оқиғалардың көбі тау-кен және құрылыс саласында болады. Дегенмен6 биыл жазатайым жағдайлар өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда әжептәуір азайған. 2018 жылы 213 адам жұмыс кезінде жарқат алып, 19 адам  қаза болған. Сондықтан еңбек қауіпсіздігін сақтамаған  кәсіпорындарға былтыр 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, 67 хаттама толтырылған. Тіпті  ірі зауыт-фарикалардың көбі өндірісте болған апаттарды жасырып қалуға тырысады. Ал Шығыс Қазақстан облысы өндірістік жарақат бойынша Қарағандыдан кейін екінші орында тұр.

Қайрат Әбілқайыров, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Жазатайым оқиғалардың себептерін қарайтын болсақ негізгісі жұмыс беруші жағынан жіберілген қателіктер болады. Жұмысшы өзінің  қауіпсіздік ережесін сақтамауынан болады.

Телеканал Хабар 24