379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанай облысында мыңға жуық медициналық маман жетіспейді

  • 145
  • UPD: 12:46, 29.04.2019

Қазір жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің 20 проценті зейнет жасындағылар.

Биылдан бастап өңірге келген мамандарға берілетін көтерме-ақы он есеге дейін көбейтілді. Ынталандырудың мұндай түрі өзекті мәселенің оң шешімін табуға өз септігін тигізуі тиіс-дейді жергілікті билік өкілдері.

Ержан  Кенбайұлы биыл терапевт мамандығы бойынша Елордада  интернатураны аяқтағалы отыр. Жас маманды жұмысқа шақырып, өтініш білдірген өңірлер  аз емес. Алайда Қызылорда тумасы, Қостанай облысын таңдапты.

Ержан Кенбайұлы, медициналық университет студенті:

- Дипломмен ауылға бағдарламасымен Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ауруханасында жұмыс істеймін деп шештім. Ұзынкөл ауданында жас мамандарға өте жақсы шарттар ұсынылып жатыр. Оның ішінде 1,5 миллион жәрдемақы, әр жас маманды баспанамен қамтамасыз ету.

Ержан сияқты медициналық жоғары оқу орындарының 250 студентімен облыс өкілдері алдын ала ауызша уағдаласқан. Енді оны келісім-шарт түрінде бекіту міндеті тұр. Егер Тобыл өңірінде тұрақтап қалып, жұмыс істеуге ниетті болса, әр дәрігерге 800 мыңнан 1,5 миллион тенгеге дейін көтермеақы беріледі.

Вячеслав Дудник, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Аса қат мамандарға аудандық ауруханалардан түскен тапсырыс бойынша, биыл 105 дәрігерді ауылдарға жібереміз. Оларға қажетті көтермеақы 130 миллион  тенгеге шығып отыр.  Одан тыс қалаларда кадр мәселесін шешуге  бюджеттен тыс қаржы көздерінен 100 миллион тенге бөлінеді.

Негізінен облыс ауруханалары акушер-гинеколог, педиатр, анестезиолог,нейрохирург сияқты мамандарға зәру. Мәселен, Арқалық қаласында жылына мың сәби дүниеге келетін перзентханада жалғыз акушер-гинеколог жұмыс істейді. Ал Қостанай ауданында кардиолог, эндокринолог дегендер тіптен жоқтың қасы.

Айдана Бүркітбаева, терапевт:

- Науқастар кардиологқа жүрек ауытқуымен баратын болса, сол кісі консултация жүргізгеннен кейін ғана біз оны учетқа аламыз. Сол үшін қалаға, көбінесе платныйға барады. Ол көп уақытқа созылып кетеді. Науқастар сол үшін дәрілерін уақытылы ала алмайды. Оны 1 айлап, 2-3 айлап күтуі мүмкін.

Биыл елімізде бюджет есебінен білім алып жатқан 5 мың 200 адам медициналық жоғары оқу орынын тәмамдағалы отыр. Олар кодекске енгізілген өзгеріске сәйкес,  барған жерінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Телеканал Хабар 24