431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ аясында Иранмен Еркін сауда аймағы туралы уақытша келісімге қол қою жоспарланып отыр

  • 693
  • UPD: 15:32, 03.05.2018
АЭФ аясында Иранмен Еркін сауда аймағы туралы уақытша келісімге қол қою жоспарланып отыр Фото: primeminister.kz

17 мамырда Астана экономикалық форумы барысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағына байланысты уақытша келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Үкімет үйінде өткен жиын барысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді. Оның айтуынша, жаңа келісім отандық бизнеске айтарлықтай жеңілдіктер түсірмек. Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армения елдері кіреді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біз тауар түрлерін бизнес өкілдерімен жан-жақты қарастырып, белгіледік. Агроөнеркәсіп, өндіріс саласы да назарға алынды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, басқа да кәсіпорындар үшін тиімді тұстарын дамытуға барынша тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы