426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Идрис Джала Астана экономикалық форумына келетінін растады

  • 466
  • UPD: 20:34, 09.05.2018

Әлемдік экономикамен қатар бай-манаптар мен тұрмысы төмен адамдар арасындағы әлеуметтік айырмашылық қарқын алып барады.

Ал орта тұрмысты отбасылар саны 20 ғасырдан бастап сирей түскен. Әлем, елдер, аймақ, тіпті қалалар деңгейінде теңсіздік белгілері байқала бастады. Мұнымен күресу керек пе? Әлде бұл табиғи заңдылық па?! Осы сұрақтарға сарапшылар Астана экономикалық форумында жауап іздейді. Бірыңғай экономика әлемі туралы пікірталас спикерлері бірнеше мәселені негізге алады. Құрметті меймандардың қатарында Малайзия үкіметінің бұрынғы басшысы, бүгінде PEMANDU қызмет тиімділігі және реформаларды жүзеге асыру жөніндегі басқармасының бас директоры Идрис Джала бар. Ол өзінің осы форумға қатысатындығын растады.

Айта кетейік, PEMANDU - бүгінде мемлекеттік секторды қайта құру және кәсіпкерлікті дамыту саласында тәуелсіз консалтингтік компания мәртебесіне ие.

Хабар 24 телеарнасы