386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латвиялық сарапшылар АЭФ-ке өз бағасын берді

  • 730
  • UPD: 13:35, 25.05.2018

Астана экономикалық форумын латвиялықтар да мұқият бақылады.

Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы Александр Видякин  маңызды шара туралы өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, форум экономикалық дамудың қазіргі үрдістері мен проблемалары және жаһандық ынтымақтастық мәселелері талқыланатын әлемдегі ең ауқымды алаңға айналды.

Александр Видякин, Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы:

- Астана экономикалық форумы Еуропада үлкен беделге ие. Біз қазір сол алаңда ұсынылған күн тәртібін зерттеп жатырмыз. Олардың қатарында қаржы нарығындағы жаңашылдықтар, экономиканы цифрландыру және жаңа технологиялар бар. Қазақстан жылдан жылға өзіне жаһан назарын аудартып келеді. Бұл инвестор тартудың бірден бір жолы. Себебі кәсіпкер елге ақша саларда алдымен әлеуетіне назар аударады. Қазақ елі мұндай шараларды өткізу арқылы өзінің алдағы 5 немесе 10 жылға ғана емес, 50 жылға мақсат қойғанын дәлелдеді.

Хабар 24 телеарнасы