425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ЕХРО көрмесі аясында этноауыл ашылады

  • 1138

Онда халықаралық шараға келген меймандар қазақ елінің салт-дәстүрі және төл мәдениетімен таныса алады.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Сонымен қатар, көрме қарсаңында көкпардан әлем чемпионаты өткізіледі. Ұлттық спортымыз бен ат құлағында ойнайтын елден ерек өнеріміз әлем назарына ұсынылады. Министрдің айтуынша, қазақтың асық ату ойыны биыл ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілетін болды. Бұған дейін аталған тізімге киіз үй, айтыс өнері, домбыра, қобызбен тартылатын күйлер және Наурыз мейрамы енгізіліп, әлемдік ұйымның қорғауына алынған болатын. Сондай-ақ, министр еліміздегі мұражайлар қызметіне тоқталды. Бұдан былай музей тек көрме алаңы ғана емес, ғылыми-зерттеу бағытына да бет бұрмақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Осыған дейін ғылыми зерттеу жұмыстарымен тек мемлекеттік мұражай айналысып келді. Бүгінгі таңда біздегі ұлттық, мемлекеттік және ғылыми мұражайлар да зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензия алды. Бұл дегеніміз оларға шетелдік зерттеу орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, тәжірибе жинауға септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы