383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайбергенов EXPO көрмесі аясында жеке концертін береді

  • 576

Астанада өтетін EXPO көрмесі аясында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов жеке концертін береді.

Бұл туралы Expo2017culture.kz сайты хабарлады.

Әншінің концерті «Сарыарқа» республикалық велотрегінде 27 маусым күні сағат 19:00-де өтеді. Концерт 2 сағатқа созылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жас әншінің ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас дауысы тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдің миллиондаған тыңдармандарының жүрегінен бірден орын алды. Қытай жерінде өтіп жатқан I am a singer кәсіби әншілер телебайқауындағы Димаштың дауысы көрермендерді таңқалдырды.

Хабар 24 телеарнасы