389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ЭКСПО-2017» көрмесінде қызмет көрсететін қостанайлық еріктілер Астанаға жол тартты

  • 483

Жүз адамнан тұратын көңілді топты қала тұрғындары қошеметпен шығарып салды. Еріктілердің көңіл-күйі керемет, себебі олар ел тарихында тұңғыш рет өткелі тұрған халықаралық көрменің ашылу салтанатына куәгер болу мүмкіндігін алып отыр.

Қостанайлық еріктілер бір ай бойына күніне бес бағыт қызмет ететін болады. Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін бұл жастар сегіз ай бойы көрмеге қосымша дайындық жүргізгендерін айтады.

Айсара Әбдіғаппарова, ерікті:

-Үлкен үміт бар, өте жақсы өткіземіз. Қазақстанды барлық елге танытамыз. Басқа шетелден келген азаматтар бірінші бізге көзі түседі. Себебі біз қазір осы ЭКСПО көрмесінің гүліміз десек те болады. Сондықтан еліміздің, Елбасымыздың үмітін ақтаймыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы