383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Атамекен Қазақстан картасы» 14 жәдігермен толықты

  • 637

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында «Атамекен Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде 30-ға тарта макет жаңартылды.

Кешен 14 жәдігермен толықты. Олардың қатарында «Әбілхайыр мен Қара-бура кесенелері», «Қарағанды спорт сарайы», «Қазақ мырыш зауыты», «Космонавт монументі», 4 облыстың тарихи өлкетану музейінің макеттері бар. Сонымен қатар шетелдік меймандарды қазақтың қонақжайлығымен жақынырақ таныстыру үшін арнайы 3 киіз үй тігілді. Туристерге кең-байтақ жерді алақандағыдай көрсету үшін кешен аумағында қосымша 5 LED экран орнатылды.

Жыл сайын мектеп оқушылары арнайы сынақ арқылы іріктеліп, жазғы демалыстарында музей меймандарына экскурсия жүргізеді. Әр экскурсия жетекшісі кемінде 3 тілді меңгерген. Ағылшын тілінен бөлек, француз, неміс, қытай, түрік, испан және кәріс тілдерін білетін гидтер де бар.

Айта кетейік, кешенде барлығы 400-ден астам макет нысаны орналасқан.

Нарима Мұхамбеталина, Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Этноауыл құрудың мақсаты терең. Себебі қазіргі уақыт біздің өткен тарихымыз ұштасқан заман деп те айта аламын. Осындай біздің керемет сақталған қазақы үйге келген адам таң қалатындай болады деп ойлаймын. Әсіресе шетелден келген адамдар. Оларға біздің терең тарихымыз қызықты деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы