384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесінде Түркия павильоны таныстырылды

  • 908

Ол көлемі жағынан Германия мен Қытайдан соң үшінші орынға ие.

Халықаралық шараның ашылуына санаулы күндер қалды. Сондықтан қазіргі таңда миллиондаған турист саяхаттап келетін көрменің соңғы дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл туралы Түркияның ең ірі радио және теледидар мекемесіне қарасты TRT AVAZ арнасы хабарлайды. Телеарна павильонды таныстыруға келген делегация жетекшісі, Түркияның экономика министрінің орынбасары Фатих Метиннің сұхбатынан үзінді берді:

«Биыл Қазақстан «Болашақ энергиясы» деген атаумен халықаралық көрме өткізбек. Ауқымды шара аясында барлық елдер осы бас тақырыптың шеңберінде өз жаңашылдықтарын ұсынады. Сол себепті біз де тұрақты энергетика жолында «Жаһандық синергия» тақырыбын таңдап алдық. ЕХРО қатысушы елдердің тарихи, мәдени құндылықтары мен әлеуетін кеңінен танытатын өте маңызды алаң болмақ.

Фатих Метин,

Түркияның экономика министрінің орынбасары

Хабар 24 телеарнасы