412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОҚО ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келетін туристерді қабылдауға дайын

  • 560

Оңтүстік Қазақстан өңірі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келетін туристерді қабылдауға дайын.

Облыста қонақтарға бірнеше саяхат бағыты ұсынылып отыр. Олар тарихи және сәулет ескерткіштерін тамашалауға арналған туристік нысандар. Шетелдіктердің  Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен көне шаһар Сауранға қызығушылықтары әркез жоғары. Сауран тарихи тамыры тереңде жатқан көне шаһар. Ол әлі күнге дейін археологтардың ерекше назарында. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы бойындағы ескі қала Отырар мен Арыстанбабты да көрушілердің қарасы қалың болары сөзсіз. Қазір облыста екі этно-ауыл бой көтерген. Бұл қоныста қонақтарға  халқымыздың тұрмыс-салты кеңінен насихатталады. Мұнда ат басын бұрғандар  қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып ғана қоймай, оны өз қолымен әзірлеуіне де жағдай жасалған. Оңтүстік өңірі бойынша саяхат екі және бес күнге арналған. Дәл қазір ұйымдастыру сәті пысықталып жатыр. Аймақтағы қонақ үйлер мен мейрамхана өкілдері қосымша оқу курсынан өткен. 

Батырхан Құрмансейіт, ОҚО индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы:  

-ЭКСПО-ға өзіміздің ауыл шаруашылық өнімдерін Астанаға жеткізу керек. Еліміздің басқа өңірлерінен келетін қонақтар үшін ғана емес, шетелдіктер үшін де облысымыздың қандай өнімдер шығып жатыр, дәмі қандай, қандай әдемі екенін көрсетуге үлкен мүмкіндік туып отыр.

Хабар 24 телеарнасы