419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолалықтар ЕХРО-ны азық-түлікпен қамтамасыз етеді

  • 562

ЕХРО көрмесі кезінде ақмолалықтар үздіксіз азық-түлік жеткізеді.

Жыл басында облыс басшысы мен Астана әкімі осы бағытта өзара келісім жасасқан. Қай кезде қанша өнім жеткізілетіні және оның көлемі туралы нақты кесте де әзірленген. Осыған дейін ет, сүт және жеміс-жидек өнімдерінің 30-ға жуық түрі, яғни 32 тамақтану орны мен базарларға 400 тонна ет пен 6 млн дана жұмыртқа жеткізілді. Басты талап: табиғи және экологиялық таза өнім. Сондай-ақ көрме уақытында Ақмола облысы «Қазақстан» спорт кешені аумағында екі мәрте жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. 

Мұрат Балпан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Облыс 5 тонна ет және ет өнімдерін, 10 тоннаға жуық сүт өнімін, 63 млн дана жұмыртқа және 2,5 мың тонна жеміс-жидек жеткізудің кестесін жасады. Ол үшін тиісті сапа сертификаты бар, үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеу кәсіпорындарының өнімі таңдап алынды. Біз үшін өнім сапасы жоғары бағасына сай, экологиялық таза болғаны маңызды.

Хабар 24 телеарнасы