419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО көрмесіндегі Өзбекстан павильоны келушілердің назарын аударды

  • 874

ЭКСПО көрмесінде Өзбекстан павильоны да өз жетістіктерін көрсетіп жатыр. Сан түрлі оюмен өрнектелген, тігісі жатық, тоқуы келіскен кілемдер мен дәмі тіл үйіретін тәттілерден тұратын павильон қонақтан босамай тұр.

Жаңа технологиямен арнайы өсірілген көкөніс көздің жауын алады. Ал ең бастысы - күн сәулесі және электр қуатымен жүретін көліктер. «Бұл өнімдер – өзбек елін өзгеге таныстыратын басты ерекшеліктер», - дейді көрме жетекшісі. 

Азиза Момынова, Өзбекстан павильонының жетекшісі:

- Біздің көрмеміздің бірінші қабатында Өзбекстанның болашағын танытатын нанотехнологиялар орналасқан. Ал екінші қабатты өз еліміздің бір бөлшегіндей етіп жасадық. Мұнда келген әрбір көрермен өзін Өзбекстанда жүргендей сезінуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы