418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО көрмесі аясында Люксембургтің ұлттық күні аталып өтіледі

  • 709

Төрткүл дүниені дүбірге бөлеген ЕХРО халықаралық көрмесі өтетін тоқсан үш күннің ішінде бас-аяғы 2,5 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылады. Соның бірі – Люксмебург ұлы герцогтігі күні.

ЕХРО аумағы қазір пікірталас орталығы немесе жетістіктер жәрмеңкесі ғана емес, насихат төрі секілденіп тұр. Әр ел – өз табысының жарнамашысы. Люксембург күні аталып өткенде келген ой бұл.  Қазақстан мен Люксембург ұлы герцогтігінің Тулары көтеріліп, Әнұрандары ойналған соң сөз алған Люксембруг үкімет басшының орынбасары Этьен Шнайдер мырза өз елінің озық технологиясын насихаттады. 

Этьен Шнайдер, Люксембург премьер-министрінің орынбасары:

-Жаңартылатын, балмалы қуат көздерін іздеуге мүмкіндік беретін «Астана ЭКСПО-2017» біздің мақсатпен үндес екен. Баламалы энергияны насихаттап жүрген елден үйренеріміз де көп, байланыс орнатуға деген құлшыныс та ерекше. Қазақстан көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұған да куә болдық.

Ұлттық күнге қайта оралармыз. Енді Люксебург павильонын аралайық. Алатын өнеге бар. Көретін көріністері де кісіні қызықтырады. Жер бетіндегі жетістіктерді түгел саралапты. Үш станция, үш тақырып. Баламалы қуат көздерін пайдалануды біршама жүзге асырғаны байқалады. Ғалымдары әлі де ізденіс үстінде.

Амангелді Сейтханов, тілші:

-Ғалымдар 2050 жылға таман жұмыр жер тұрғындары 10 млрдты құрайды деген болжам бар. Люксебург ғалымдары сол кезде ресурс көздері экономикалық балансты ұстап тұра ала ма деген сауал төңірегінде толғануда. Және олар ғарыштан қуат алу мәселесін көтеріп отыр. «Мынау келіп жатқан астероид құрамындағы элементтер, сутегі немесе қатқан судың ізі осындай ой топшылауға негіз болады», – дейді олар. 

Ғарыш демекші. Қазақстан мен Люксембург осы бағытта бірнеше жобаны жүзеге асыруды ойлайды. Осы шараға арнайы ат басын тіреген ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов кейбір уағдаластық туралы айтты.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

-Ең бірінші сол телекоммуникация жағынан, себебі біздің мына жер серіктерді пайдаланғанда негізі коперация керек. Біздің қызметіміздің сапасын жақсарту үшін тағы жерсеріктерін пайдаланымыз.

Люксембургтың ұлттық күніне орайластырған шара дедік қой. Ресми жағы аяқталған сәтте сахнаға виолончелін ұстап, тәуелсіз музыкант Андрэ Мергентхалер көтерілді. Аспабының құлақ күйін келтірді де, ЭКСПО аумағын сазбен көмкерді. Айтпақшы, өнер көрсетер алдында бізбен тілдескен.

Андрэ Мергентхалер  виолончель:

-Астана әдемі қала екен. Кәдімгідей шабыт сыйлайтын қала. Енді ғана салынды дейді. Сәулеті керемет. Біз секілді саяхатшыға ұнайтын қала екен.

Авторлары: Амангелді Сейтханов, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы