424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына күш салуда

  • 752

Қазақстан – әлемдік экономикалық процестің дамуына жағдай жасап, ынталандырып отырған ел. Мемлекет сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына, әсіресе еуразиялық кеңістікте бар күшін салып жатыр.

Бұл туралы арнамыздың тілшісіне әзербайжандық саясаттанушы Тофик Аббасов айтты. «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығына тоқталған сарапшы мемлекеттің орасан зор жұмысты жүзеге асырғанын атап өтті. «Астананың төрінде керемет шара өтетін шағын қалашық пайда болды»,  дейді ол.

Тофик Аббасов, саясаттанушы:

-Қазақстан энергетикалық факторды жемісті жүзеге асыра алған ел ретінде танымал. Мемлекет ұстанған бағыт-бағдарды бағамдап, біздің түсінігіміздегі өмірге құлшыныстың барлық жағымды жақтарын байқауға болады. Біз көп жоба тұрғысында бір-бірімізге қолдау көрсетіп келе жатқан мүдделес ел әрі өте жақын әріптеспіз. Сондықтан ортақ жеңіске бірге қол жеткізетінімізге сенімім зор.

Хабар 24 телеарнасы