411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ үшін «ЭКСПО-2017» шарасына қатысу өте маңызды

  • 332

АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі: «АҚШ үшін «ЭКСПО-2017» шарасына қатысу өте маңызды», - дейді.

Оның айтуынша, америкалықтар «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтіп жатқан көрмеге зор ынта-ықыласпен келіп отыр. 

Ниша Бисвалл, АҚШ Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі:

– «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі әлем елдерінің заманауи технологияларды көрсетудің бірден-бір мүмкіндігі. Жаңа жобалардың барлығы болашақ энергиясы туралы ойландырады. Бұл өте маңызды тақырып. Меніңше, АҚШ үшін Астанадағы ЭКСПО-ның бөлшегі болу маңызды. Қазақстан мен Американың арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. «Болашақ энергиясы» тақырыбы – бүгінде бүкіл әлем бойынша өзекті мәселе. Осы орайда біз өз еліміздің энергетика саласындағы жаңа технологияларымыздың қалай жасалатынымен таныстырғымыз келді.

Хабар 24 телеарнасы