423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция ЕХРО-2017 қонақтарын немен таң қалдырады?

  • 490

«ЭКСПО-2017» көрмесіне Франция елі 3 тақырып ұсынып отыр.

Олар «Экоқала», «Жаңартылған энергия» және «Экологиялық көлік» деп аталады. Мәселен, «Экоқала» бойынша француздар құрылыс материалы ретінде қолданылатын бетонның бірнеше жаңа түрін ұсынып отыр. Олардың ішінде тіпті жасыл желек өсіруге болатын түрі де бар. Ал қоқыс қалдықтарын бір емес, бірнеше рет қайта өңдеп, кәдеге жаратуда алдына жан салмайды. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолға алынған экологиялық көліктері де таңқаларлық. Болашақта велосипед, скутерден бастап ауыр және жеңіл автокөліктерін де электр энергиясымен қуаттауды жоспарлап отыр. Оның бірқатарын көрмеге ала келген. Франция павильонының аумағы мың шаршы метрден асады. Мұнда тың жобалардан өзге мәдениет, өнер салаларына қатысты да қызықты дүниелер жетерлік.

Айта кетейік, 21 маусым күні Франция Ұлттық күнін атап өтеді.

Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:

- Біз «ЭКСПО» көрмесіне өз еліміздегі ең озық деген кәсіпорындардың өнімі мен жобаларын алып келдік. Франция су мен жел энергетикасын дамытуға баса мән береді. Қазір осыған қатысты станциялар Еуропада кеңінен танымал. 2030 жылға қарай жаңартылған энергия көзін тұтынуды 32%-дан асырсақ деген жоспарымыз бар. Ғаламшарды әлем болып бірігіп қорғағанда ғана адамзат табысқа жетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы